Текст
МҚКК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбековна даярлық «Қошақан » тобының балаларымен "Математика негіздері" бөлімінде « Дөңгелек және сопақша» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінде пішіндер туралы ұғым қалыптастыру арқылы заттардың пішіндерін анықтап, оларды басқа пішіндегі заттармен салыстыруға , заттарды түсі , пішіні, шамасы бойынша ажырата білу жұмыстарын игерді. Осындай тапсырмаларды орындау арқылы балалардың есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдылары дамиды.