ІІ – ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен «Қатынас» саласы бойынша «Сөйлеуді дамыту» бөлімінде «Ойыншықтар достығы» тақырыбында оқу қызметі өткізілді. Оқу қызметінің мақсаты ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру және «Қ» дыбысының дұрыс айтылуы жаттығуларымен жұмыс жасау, «достық» сөзінің мағынасын ашып көрсету болып табылды.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.,-деп балалар достық тақпағымен ұйымдастырылған оқу қызметі барысында шаттық шеңберін жүргізді. Балалар әңгімелесу арқылы «Достар» бір-біріне әрдайым көмекке келетіндігін, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншілігі мол, бір-бірін сыйлайтын жандар екенін түсінді. Балалар өздерінің достары және ойыншық достары да жайлы әңгімелеп берді.