Балалардың денсаулығын нығайтуда, спортқа әуестендіріп, күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, салауаттылыққа тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты.
Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен бөбекжайдың міндеті.
Ағзаны шынықтыру бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Шынықтыру дене тәрбиесінің маңызды бөлігі, ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі жаттығулар арқылы орындалады.
Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы, бітімі үйлесімді, әрі сымбатты келеді және ауа-райының кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде серуендей алады.
«Дені сау болса –дәулет сол» демекші, балдырған балаларымыздың дендері сау, дене бұлшық еттері қалыптасқан, батыл болып өсуіне бар күшімізді салайық!