Текст
ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен «Қатынас» саласы бойынша «Жаратылыстану» бөлімінде «Құстар» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты балаларға құстар туралы түсінік беріп, бөбекжай ауласына ұшып келген құстарды танып, айта білуге үйрету және сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту, балалардың бойында қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін ояту арқылы табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу болып табылды. Ұйымдастырылған оқу қызметінде құстардың суреттері, үлестірмелі материалдар қолданылды.
Балалар құстарды алып орналастырып, құстардың түрлері қандай екенін атап берді.