Текст
МҚКК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбековна даярлық «Қошақан » тобында "Сауат ашу" ұйымдастырылған оқу қызметінде «Ң» дыбысымен таныстырды . "Ң" дыбысын дұрыс айтуға тілдерін жаттықтырып , құрамында "ң" дыбысы бар сөздерге талдау жасады . Балалар жұмыс дәптердегі суреттерді штрихтап, бастырып жазып, бояды. Балалар ұйымдастырылған оқу қызметінің қорытынды кезеңінде өткен әріптерді таяқшалармен құрастырып , "аң" сөзін жазды . «Түстер» туралы қимылды ойынды ойнап , 9 түс түрлерін атап, есте сақтауға үйренді .