Текст
2021 жылғы қарашаның 5 -шi жұлдызында "Ақбота" (Циалковский к-сі 10) бөбекжайының мектепалды даярлық "Почемучки" тобының тәрбиеленушілерiмен қазақ тілі мұғалімі Г. Елубекованың жетекшілiгiмен "Бауырсақ" ертегiсiн балалар қазақ тілінде, рөлдерге бөліп сомдады. Кейiпкерлердi сомдаған балалар, Ата-Нұрлан Аңсар, Әже-Чернобаева Вероника, бауырсақ-Перевертун Дарина, қоян-Амиянова Диана, қасқыр - Кузьмин Никита, аю-Родинов Максим, түлкі - Жұмабек Еркежан. Ертегі рөлдерiн сахналауда, кейiпкерлердiң, сөздері анық және жатқа айту арқылы тiлдерi жаттығып, сөз байлықтары арта түсті.Балалардың шығармашылық қабілеттерi қалыптасты. "Бауырсақ" ертегiсi өте тартымды, қызықты өтті. Балалар өздеріне үлкен әсер қалдырды.