Текст
"Ойын бала үшін ойын емес, білім мен тәрбие негізін қарайтын басты құрал" Ы.Алтынсарин.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы.
Кіші "Нұрсәуле" тобы бүлдіршіндерінің ойыншықтармен танысып, өздігінен ойнау барысы.