Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиеші Шайкенова Күншашар Мұқатайқызының ұйымдастыруымен I ересек «Ботақан»тобында «Қатынас» саласы бойынша «Сөйлеуді дамыту» бөлімінде «Көжекпен ойнайық» атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларға қояның баласы көжек екенін түсіндіріп, сурет арқылы әңгіме жүргізілді. Сұрақ-жауап арқылы ойын ойнатылды. Балаларға көжек, қоян, құлақ сөздерін буынға бөліп кезекпен қайталап шықты. Воскобович әдісі арқылы геокантты қолдана отырып, балаларға сәбіздің суретін құрастырып жасауға тырысты. Балалар сергіту сәтін жасап, дидактикалық ойындар ойналды. Берілген тапсырмаларды балалар мұқият, ұқыпты жасауға тырысты.