Текст
"Тәрбиешінің міндеті- балада шығармашылықтың қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр тұғызатын сұлулық сезімдерін өркендету" деп айтқан Мағжан Жұмабаев
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Аққу" тобында тәрбиеші Кульгажинова Жанаргуль Ерболатовнаның ұйымдастыруымен «Сурет салу» пәнінен "Бауырсақ" тақырыбында ашық кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Балалар Бауырсақпен бірге орманға саяхаттап барды. Қоянға пішіндерді салыстырып, қасқырға сүлгіден бауырсақ құрастырып, түлкіге трафаретпен сурет салып берді. Балаларды түрлі тапсырмалар орындау өте қызықтырды. Өйткені сурет салу кезінде балалардың ойлауы, қиялы, ұсақ қол моторикалары, көру және тілі дамиды.