МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Шайкенова Күншашар Мұқатайқызының ұйымдастырумен ересек «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері шығармашылық саласының «Жапсыру» оқу қызметінде қайшымен жұмыс жасалды. Балаларға қауіпсіздік ережелері еске түсіріп айтылып кетті. Балаларға қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйретілді. Күз мезгілі маусымдық өзгерістер туралы айтылды. Сары жапырақтан жасыл жапырақты салыстырып, күз туралы әңгіме жүргізілді. Балаларға қайшыны ұстау тәсілі арқылы қағазды қиюға, сызықтың бойымен қию дағдысын қалыптастыруға үйренді. Әр бала өз қайшысымен қауіпсіз ережесін сақтай отырып, қызығушылықпен өз жұмыстарын ұқыпты аяқтады.