Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Темешева Гульнур Асылханқызының жетекшілігімен ересек "Балдырған" тобының тәрбиеленушілерімен "Шығармашылық" білім саласының "Сурет салу" қызметінде "Орамалды әшекейлейміз" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларды үшбұрыш пішінді орамалға геометриялық пішіндерді қиюға жаттықты. Өздері қиған пішіндерді желіммен жапсыру арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу жұмыстарын жасады. Орамалдардың түсін ажырата білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу мақсатында ойын ойналды.