Өз іс-тәжірбиемде робототехниканы қолдану кезінде байқағаным, балалар біріншіден жауапкершілікке үйренеді, бастаған жұмыстарын аяқтауға тырысып, нәтижесін көруге асығады. Екіншіден ойлау қабілеттері артады, ғылыми-техникалық бағытта өз ойларынан құрастырып, шығармашыл жақтарын көрсетеді. Бір-біріне көмектесіп, ұйымшыл болады, танымдық қызығушылықтарының артқанын байқадым. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Сондықтанда заман талабына сай инновациялық технологияларды қолдану бөбекжайда тиімді екенін түсіндім. Білім беру жүйесінде роботехника технологиясы балаларды ерте жастан дамытуға қолдану оң нәтижесін көрсетеді деп есептеймін,-дейді даярлық тобының тәрбиешісі Айтжанова Алмагүл Сагындыковна