Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында "Шығармашылық" саласы бойынша сурет салу бөлімінде «Ұзын құлақ сұр қоян» тақырыбында оқу қызметі

29.11.2021

ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның ұйымдастыруымен шығармашылық саласы бойынша, сурет салу бөлімінде  «Ұзын құлақ сұр қоян» тақырыбында оқу қызметі өтті

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты  бірнеше көліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен-кіші сопақша дөңгелектері қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру және балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу болып табылды. Балаларға ұзын құлақ сұр қоянның суретін салуда дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндірді. Көрсетілген үлгі бойынша қоянның суретін салғызды. Әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен солдан оңға қарай бояуға болатындығын көрсетті. Боялған біркелкі сызықтармен, қарындашты қағаздан үзбей сүйкеуге жағуға жаттықтырды.

Қояным, қояным,

Орныңнан тұра ғой.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Қолыңды жушы,

Орныңда секірші!,-сергіту сәті жүргізілді.

«Үй жануарлары ма, дала жануарлары ма?»  атты дидактикалық ойыны ойналды. Үй  жануарларын бөлек,д ала жануарларын бөлек орналастыру ұсынылды. Балалар тез әрі, жылдам орналастырды, ойын балаларға қатты ұнады.Оқу қызметі балаларға ұнады.

 

 

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст