Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ІІІ ересек «Еркетай» тобы Тұңғыш Президент күніне арналған «Егеменді елдің еңсесі биік» атты мерекелік іс-шараға қатысты.
Мерекелік іс-шарада балалар еліміздің өткеніне, бүгінгіге және ертеңіне көз жүгіртіп шолу жасады. Өз еліміздің тілін, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу керектігін түсінді. Қазақстан Республикасының болашағы – өздерінің қолында екенін білді. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктері артты. Балалар іс-шараға өте белсенді қатысты.