Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Құлыншақ"және "Қошақан" даярлық топтар арасында күннің екінші жартысында "Тіл-қазынам" үйірмесі бойынша "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" атты іс-шара

29.11.2021

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  Халқымыздың ұлы ойшылы Абай  Құнанбаев айтқандай , "Ойын ойнап,ән салмай болар ма!" Демек ,бала өмірінде ойынның орыны ерекше.Ойын-баланың мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.
Уәлиханов 21 көшесіндегі МКҚК "Ақбота" бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі  Г. Елуековның жетекшілігімен  "Құлыншақ"және "Қошақан" даярлық топтар арасында   күннің екінші жартысында  "Тіл-қазынам"  үйірмесі бойынша  "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" атты іс-шара өткізілді. 
Мақсаты:
1.Балалар бойындағы патриоттық қабілеттілікті  ұлттық ойындары арқылы көрсету;
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы дене тәрбиесін жүзеге асыру;
3. Ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз туралы мәліметтерді ұлттық ойындар арқылы тарату.
 Ұлттық ойындар - ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, ұлттық ойындарды үйренудің, күнделікті пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Балаларға қазақтың ұлттық ойындары туралы бейнеролик арқылы көрсетiлiп, қазақтың ұлттық ойындары туралы мағлұматтар берілдi. "Құлыншақ","Қошақан" топтың  бүлдіршіндерi ойын барсында белсенділік танытып, ұлттық ойынға деген қызығушылықтары арта түсті. Балалармен «Арқан тартыс», «Теңге ілу», «Тақия  тастамақ», «Ханталапай», «Ақ серек-Көк серек», "Көтермек"  ойындары ойналды.Ойын барысында қонаққа Дымбiлмес келiп, балалармен қазақтың ұлттық ойындарын  ойнады. Ұлттық ойындарымыз арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады.

Просмотров: 151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст