Текст
Саусақ ұшына арналған тапсырмалар.
Саусақ ойынын бөбекжайда және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен, саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.