Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы екенін бүгінде баршамызға аян. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. Еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру, Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында
Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында Елбасымыздың құрметіне орай ұйымдастырылған «Егемен елдің еңсесі биік» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара «Еркетай» «Балдырған» және «Ботақан» ересек топтарымен ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара барысында балаларға көгілдір экран арқылы Елбасы туралы шолу жасалып, Нұрсұлтан қаласының әдемі ғимарттарымен таныстырып, еліміздің мемлекеттік рәміздерін айтып өттік. Балалар мерекеге арнап «Отан» туралы әнін шырқады. Кейін «Ойлан тап» атты музыкалық тапсырмаларда белсенділік танытты. Балаларды ойын әлеміне қызықтыру мақсатында «Ғажайып шарлар» сынды тапсырмалар берілді. Балалар шар астына жасырылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ дене тәрбие нұсқаушысы қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойынын ойнады. Балалар асықтарды сан алуан лақтырып ойында қызығушылық танытты. Мереке соңында бүлдіршіндер сахна алаңына қаз-қатар тізіліп «Қамшы» паш етті. Балалар мерекелік іс-шараға өте белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік іргесі мықты болсын деген ниетпен мерекеміз өз мәресіне жетті. Мереке ойдағыдай өтіп, естелік ретінде суретке түсті.