Бүгін І ортаңғы «Балапан» тобында «Елін сүйген Президент» атты тәрбиелік-тақырыптық сағаты өтті. Балалар тәрбие сағатында Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысты. Олар жайлы мағлұмат айтылды, сонымен қатар туған жерге байланысты аппликация құрастырды және де балаларға көрме ұйымдастырылды. Көрнекілік ретінде өз қолдарымен ұстап, танысты. Балалар көрмені жақсы көреді, яғни өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап көруді ұнатады. Елбасы, Президентпен суреттер, слайд арқылы таныстырды. Балалар қызығып тыңдап, өздерінің сұрақтарын қойып , тәрбие сағатында өте белсенді қатысты. Қорыта келгенде, балалар өз Отанымыз Қазақтан жайлы мағлұмат алды, яғни өз жерін құрметтеп қарауларын, сыйлау керектігін түсінді. Сонымен қатар рәміздерді бағалау керектігі туралы да айтылды.