Текст
Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайындағы «Балбөбек» санаторлық тобында бос уақытта бүлдіршіндермен заттық дамытушылық ортаға байланысты топта ойындар ойналады. Соның бірі «Дәрігер» мамандығы ойыны өткізілді.
Заттық дамытушылық орта- баланың әрекетін ынталандырушы, бағыттауш ы, дамытушы фактор есебінде қарастырылады. Ол белсенділік, бақылаушылық сапалардың және кең мағынада жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Осы ойыннан балалар «Дәрігер» мамандығының жұмысымен танысып, үлкендерге құрмет көрсетуге, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Бір –бірімен қарым-қатынасқа түседі, сыпайылыққа, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіреді. Ойында кезекпен бір-бірімен диалогқа түсіп , қызығушылықпен ойнайды.