Текст
Күннің екінші жартысында І ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиеленушілері табиғи затпен ойнаумен уақыттары өтті. Бұл жерде бүлдіршіндердің есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, қолдың саусақтар қимылдарын жетілдіруге, аз-көп сөздерінің мағынасымен таныстыруға табиғи заттармен ойындарының көмегі көп. Бұл ойындар әсіресе бүлдіршіндердің қызығушылығын оятады. Балалар дақылдарды қолдарымен алып, кішкентай ыдыстарға салды.Ыдысқа салынған дақылдарды шайқап, дыбыс шығаруға болатыны түсіндірілді, дыбысты тыңдады. Бұл ойында ыдысқа бұршақтарды салудың өзі балаларды қызықтырады. Балаларға өте ұнады.