Текст
Мектепке дейінгі ұйымдар арасында "Менің халқымның тарихы" атты патриоттық марафон басталды. Марафонның алғашқы тұсаукесері МКҚК "Ақбота" бөбекжайына бұйырыпты. Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайында "Қазақстан-спорттық ұлт" тақырыбында іс-шараны жүзеге асыру барысында "Тәуелсіздік-елімнің еркіндігі" атты кішкентай тәрбиеленушілермен бірге ауқымды іс-шара өткізілді. Ұлттық ойындарымыз арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеген халықпыз. Балалармен өткізілген бұл іс-шара өте қызықты өтті, қатысқан бүлдіршіндеріміз марапатталды. Егеменді еліміздің ең басты мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!