Текст
06.12.2021
Ересек "Еркетай" тобында "Таным" саласы бойынша "Жаратылыстану" бөлімінде "Бөлме өсімдіктері" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.
Балалар табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтырды .Үй гүлдері туралы айтып, оларды бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйреніп және күту ерекшеліктерімен танысты . Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу, гүлдердің сұлулығын тамашалауға тәрбиеленді.