Текст
2018 жылдың 14
қарашасында ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және ҚР
Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13
наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025
жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес
республика бойынша жалпыхалықтық
диктантына «Ақбота» бөбекжайы да қатысты. Диктант аудиожазбада тыңдалып,
жүргізілді. Диктант мәтінін қазақ тілі мұғалімі
Құдайбергенова Бақыт Мұқатаевна
басқарған жұмыс тобы тексеріп, қорытындысын шығарды.