Текст
Денешынықтырудан «Қошақан» тобында «Қимыл-қозғалыс пен көңіл күйді жақсартамыз» атты ашық ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өтті. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығуларды орындау, допты еденге ұрып қағып алу, жоғары лақтырып ұстап алу және де кедергілер арасымен қолмен домалатуды, тепе-теңдікті сақтай отырып, жіптің үстінен оңға және солға секіруді үйрету болып табылды. Балалар оқу қызметінде доптармен жаттығу, секіру жаттығуларын жасап, қозғалмалы ойындар ойнады. Логикалық ойларын ширату барысында «Жұбынды тап» атты пішіндермен ойын ойнады. Қорытындылай келе, балалар ашық оқу қызметіне қызығушылықпен белсенді қатысып, жаңа тақырыптарды мүлтіксіз орындай білді.