Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында «Таным» саласы бойынша «Жаратылыстану» бөлімінде «Құстар» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

08.12.2021

ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен «Таным» саласы бойынша «Жаратылыстану» бөлімінде «Құстар» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаттары:

Білімділік: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылықбалалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер  айтқыза отырып, тілдерін дамыту.

Тәрбиелікбалаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде мынадай әдіс-тәсілдер  көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап, 4 к модулімен жұмыстар қоланылды.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта»  құрылымдалған ойыны ойнатылды.   

Шарты: педагог сөйлемнің басын бастайды, балалар аяқтайды.

- Құстар ұша алады, өйткені ...

- Оның қанаты бар.

Дидактикалық ойын: «Ұшады ұшпайды» ойыны ойнатылды.

(шарты: берілген карточкадағы ұшатын құстармен ұшпайтын құстарды жеке жеке орналастыру керек)

Таңғажайып сәт:

(Қолында рогаткасы бар)  Амир кіреді.

Амирға құстар туралы балалар алдын ала жаттаған тақпақтарын айтып берді.

Балалар тақпақтарын айтады.

Дидактикалық ойын: «Үй құсы ма?, дала құсы ма?» ойыны

Шарты: берілген құстарды екі бөлек салып орналастырады.

Сергіту сәті тақырыпқа байланысты алынды.

Балалар пазылды құрастырып шығады.

Балалар оқу қызметі өздеріне ұнағанын айтты.

Просмотров: 129


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст