МКҚК «Ақбота» бөбекжайында кіші «Күншуақ» тобында тәрбиеші Бахтыбаева Улжалгас Шеріқызының жетекшілігімен «Таным» саласы бойынша «Жаратылыстану» бөлімінде «Астана-бас қалам» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
Мақсаты: Еліміздің бас қаласы Астана туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік міндеті: Ойын арқылы балалардың ой-орісін, қимылын ұштау.
Дамытушылық міндеті: Баланың ізгілік қасиетін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметін шаттық шеңберімен бастады.
Балалармен шаттық шеңбері жасалды.
Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңімен оқу қызметі басталды.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым – Астанам
Слайд арқылы Нұр-Сұлтан қаласының ең көрікті ғимараттарымен таныстырылды.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Балалар екі топқа бөлініп отырды ,бірінші топ «Бәйтерек» символын құрастырды, ал екінші топ «Пирамиданы» құрастырды.
Балаларға оқу қызметі ұнады.