Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Ибраева Саягүл Мұқанқызының ұйымдастырумен I ересек «Ботақан» тобында «Таным » саласынан «Математика негіздері» бөлімінде «4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай» тақырыбы бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Мақсаты 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстырып, «Үлкен, кіші, кішкентай» сөздерінің мағынасын балаларға көрнекіліктер мен геометриялық пішіндерді қолдана отырып түсіндіру болып табылды. Балалардың зейіндерін дамытуға логикалық есептер , жұмбақтар жасырылып, шешілді. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде 4к модулі бойынша «Көкөністер тізбегін жалғастыр» ойыны педагогтың жетекшілігімен ойналды. Балалар қызығушылықпен оқу қызметіне қатысты.