Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

даярлық «Қошақан» тобы балаларымен «Математика негіздері» пәнінде «Үсті – асты. Ішінде – сыртында. Алдында – артында. Оң жақ – сол жақ» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

08.12.2021

Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайыың тәрбиешісі Уалиева Ризагуль Сагандыковна даярлық «Қошақан» тобы балаларымен «Математика негіздері» пәнінде   «Үсті – асты. Ішінде – сыртында. Алдында – артында. Оң жақ – сол жақ» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің мақсаты балаларды  кеңістіктік қарым-қатынастарды орнатуға үйретіп, белгілі бір заттың кеңістікте орналасуын түсіндіре алуға, есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдылары дамыту болды. Шаттық шеңберін жасау арқылы балалардың оқу қызметіне деген жақсы көңіл-күйі орнатылды. Оқу қызметі бірнеше тапсырмалардан тұрды. Бірінші тапсырмада балалар дәптермен жұмыс орындап,  заттың кеңістіктікте орналасуын айта отырып, сипаттай білді.

«Кімнің қайда тұрғанын тап?» тапсырмасында ойыншықтардың суреттерін пайдалана отырып, қағаз бетіне орналастырды. Үшінші  тапсырмада «Робомышь» жиынтығын қолданып, ойын ойнатылды. Балалар екі командаға бөлініп, тышқанды бағдарламалау арқылы цифрлар, пішіндер  аялдамаларынан өтіп, ірімшікке апарды. АКТ технологиясын қолдану барысында «алдында, артында, оң және сол жағында»  ұғымдарын қолдану арқылы заттарды кеңістікте орналастырады. Оқу қызметін «Кім қайда орналасқан?» ойынымен қорытындылады. Балалар барлық тапсырмаларды қызыға орындап, белсене қатысып отырды.

Просмотров: 281


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст