Текст
«Ақбота» бөбекжайында
«Балалардың бойында коммуникативтік-тілдік құзыреттілік дәрежесін меңгерту
жолдары» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері айлығы жүргізіліп жатыр.
Атабаева Алтынай Серікқызы «Ботақан» ортаңғы тобында «Сөйлеуді дамыту» оқу
қызметінен «Қуыршақ бізге қонаққа келді» атты ашық ҰОҚ-ін өткізді. Қонаққа
қуыршақ келіп, оған Сұлушаш деп ат қойылып, қуыршақ, үкі туралы түсінік
жүргізілді. Бұл оқу қызметінде билингвальды компонент, сергіту сәті, шаттық
шеңбері, дәптермен жұмыс, қимылды ойын түрлері жүргізілді. Ашық ұйымдастырылған
оқу қызметінің қорытынды бөлімінде Қуыршақ Сұлушаш балаларға рахметін айтып, ал
балалар өздерінің көңілді смайліктерін тарту етті. Оқу қызметі жоғары деңгейде
өтті.