«Ақбота» бөбекжайының І даярлық «Құлыншақ» тобында «Таным» саласының «Математика негіздері» бөлімінен «Қағаз бетінде бағдарлау» тақырыбы бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Балалар кеңістіктік қарым- -қатынастарды орнатуға үйренді. Қағаз бетінде бағдарлау (жоғарыда, төменде, оң жағында, сол жағында) қабілеттері қалыптасты. Оқу қызметі барысында балалар әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындай алды. Екі топқа бөлініп, қағаз бетін бағдарлай алу барысында топтық жұмыс жасады. Бірінші топ жоғары,төмен оң жақ,сол жақ бағыттарды түсініп ажырата білді. Екінші топ робот "Ботлиді" қағаз бетінде команда беріп, жүргізе білді. Барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Оқу қызметін бекіту үшін қорытынды бөлімде «Мұқият бол» ойынын ойнап бекітті.