Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ІІІ ересек «Еркетай» тобында «Таным» саласы бойынша «Математика негіздері» бөлімінен «4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде екенін білді, 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтады, 4 цифрын өзге цифрлар арасынан тауып «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйренді, баланың зейінін дамыды. Балаларды көлемі әртүрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйренді.