МКҚК " Ақбота " бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Аружан Бауржанқызының жетекшілігімен "Ботақан " тобында "Інжу - маржан" үйірмесі бойынша "Қысқы киімдер" атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.
Оқу қызметінің мақсаты қысқы киімдерді атай білуге үйрету, күнделікті өмірде қолдана білуге бағыт беру, сөздік қорларын арттыру болып табылды. Ұйымдастырылған оқу қызметі "Жүректен жүрекке" шаттық шеңбері арқылы басталды. Балалардың қысқы киімдер туралы түсініктерін кеңейту мақсатында балалар сөзжұмбақ шешті. Оқу қызметі барысында " Менің киімдерім" атты санамағын айтты. Сергіту сәтінене кейін, балалар " Қане, қане ойлан?" ойынын ойнады.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар " Ойнайық та, ойлайық" тапсырмасын орындап, қорытындылады. Балалар ұйымдастырылған оқу қызметіне белсене қатысты.