Текст
Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайындағы «Балбөбек» санаторлық тобында «Таным» саласы бойынша «Құрастыру» бөлімінде «Шырша» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Оқу қызметінің мақсаты берілген үшбұрыштарды кеңістікте дұрыс орналастыра отырып, шыршаны құрастыра білуге үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту барысында ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу болып табылды. Оқу қызметі жылулық шеңберінен басталды. Жұмбақ жасырылып, тілдік жаттығулар жасалды. Қонаққа «Қоян» келді. Балалар Қоямен шыршаны дұрыс құрастыра білді және де саусақ моторикасына байланысты қағаз бетіне жіптің көмегімен шыршаны бейнелеуді үйренді.