МКҚК "Ақбота" бөбекжайы «Құлыншақ» тобында "Таным" саласының "Жаратылыстану" бөлімінен "Аңдар қысқа қалай дайындалады?" тақырыбы бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Балалардың жабайы жануарлар, олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделу қабілеті туралы түсініктері қалыптасты. Әр жануардың қысқы мерзімге қалай дайындалады немен қоректенетіні, қандай апанда тұратыны айтылды. Оқу қызметі бірнеше тапсырмалардан тұрды. Бірінші тапсырмада балалар әліппе дәптері бойынша жұмыс жасады. Екінші тапсырмада "Құм терапиясы" бойынша саусақ арқылы аңдардың тамақтары сәбізді, құлпынайды бояды. Екінші тапсырма В.Воскобовичтің "Геокант" ойынында сәбіздің бейнесін резеңке арқылы жасады. АКТ технологиясын қолдану барысында "Әр жануардың үйін тап?" тапсырмасын орындады. Робот тышқан жиынтығын қолданып, тапсырмаларды орындау барысында "Қоянға жет" ойыны ойнатылды. Балалар берілген тапсырманы қызыға орындап, белсене қатысып отырды.