МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Қошақан» тобымен желтоқсан айында ағылшын тілінен «Stop, look, listen» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Мақсаты тақырып аясында сөйлеу дағдыларын жетілдіру болып табылды. Балалармен оқу қызметін көтеріңкі көңіл күйде бастау мақсатында балалар кезекпен суреттен сәлемдесу қимылын таңдап, мұғаліммен амандасады. Балаларға оқу қызметінің тақырыбын анықтау үшін бейнеролик көрсетілді. Әрі қарай тақырып бойынша жаңа сөздер таныстырылды. Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сөздермен «Бағдаршам» ойыны ойнатылды. Келесі тапсырма бойынша балалар бағдаршамның түстерін ағылшын тілінде атап оларды тиісті әрекеттерге жабыстырды. Тапсырмадан кейін балалардың бойларын жазу үшін «“Traffic light”» сергіту сәті жасалды. Балалар сонымен қатар «Смайликтар» ойынын ойнады, олар шеңберде жүгіріп, мұғалім белгілі бір түсті атаған кезде, кеудесінде сәйкес түсті смайлигі бар балалар бағдаршамға қарай жүгірулері керек еді. Ағылшын тілінде түстерді қайталау үшін "Шыршаны бейзендір" ойыны ойнатылды. Балаларға оқу қызметіне белсене қатысқандары үшін тәттілер таратылды. Оқу қызметі ойдағыдай өтіп қойылған мақсат орындалды.