Бүгін 15.12.2021ж Ақбота бөбекжайында ҚР Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған "Тәуелсіздікке шашу" атты мерекелік гала концерті өткізілді.Гала концерт ресми және салтанатты бөлімдерден құралып, мерекелік бағдарламаға бөбекжайдың даярлық және ересек топтарының қатысуымен өтті. Концертті әнұранмен бастады басталып, "Ақбота" бөбекжайының директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековнаның құттықтау сөзімен ашылды. Бахыт Асылбековна сөз кезегінде ұжымның қызметкерлерін марапаттады. "Құлыншақ" және "Қошақан" тобының қыздары, қазақша бимен салтанатты бөлімін ашып, "Қошақан" тобының "Жасасын" әнімен жалғасын тапты. Бөбекжайымыздың ересек топтарының тәрбиеленушілері Тәуелсіздікке арнаған тақпақтарын мәнерлеп оқып, көрермендер алғысына бөленді. Кішкентай батыр ұлдарымыз Тәуелсіздікке арналған флешмобты билеп шықты, флешмоб соңында қазақ тілі мұғалімі Дүйсембай Аружан көк туымызды асқақтата көтеріп, ортаға шықты. "Құлыншақ" тобы "Туған жер" әнін орындады. Концерт жүргізушілері және ұйымдастырушылары психолог Ержан Жұлдыз, ағылшын мұғалімі Сейсен Аягуль мерекелік концерттің шырайын келтіріп, финалды "Қазақ елі" әнімен, және бу, қар эффектісімен керемет аяқталды.