Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Нұрсәуле» тобында «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты ашық тәрбиелік-тақырыптық сағаты өткізілді.
Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде,
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа.
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!
Ашық тәрбиелік-тақырыптық сағаттың мақсаты балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Отан туралы түсініктерін кеңейту, патриоттық сезімдерін ояту. Тәуелсіздік мерекесіне арналған ашық тәрбиелік-тақырыптық сағаты әнұранмен басталып, балалардың жаттаған өлең шумақтары айтылды, тобымыздың ұл-қыздарының орындауында "Қара жорға", «Қазақ» биін биледі және «Ат шабу» ойыны ойнатылып, бірнеше ән орындалды. Балалар ашық тәрбиелік-тақырыптық сағатына белсене қатысып, жақсы көңіл-күйде болды.