Текст
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге Барыс жылы арайлы
Бүгін келді жаңарып
Ересек тобы тағы да
Би билейді ән салып
Жасыл шырша жанында
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала
Бүгін бізде Жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға
Бүгін III ересек "Еркетай" тобында "Төрлет, төрлет Жаңа жыл" ертеңгілігі өтті. Балаларды Аяз ата мен Ақшақар құттықтап келді. Кішкентай бүлдіршіндер тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алды. Аяз атамен бірге балалар "Кішкентай шырша" әнін айтты. Барлығы көтеріңкі көңіл-күйде болды, қызыға қатысты.