ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құқық қолдану тәжірибесіне сәйкес нормативтік құқықтық актіні жетілдіру мақсатында мектепке дейінгі білім бойынша республика деңгейде талқылау, сұрақ-жауап беру арқылы онлайн кездесу ұйымдастырды. Сондай-ақ Асхат Қанатұлы білім салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды жұмыстарды айтып өтті. Сұрақ-жауап арқылы көптеген мәселелерге тоқталып, асықпай баяндап түсіндіріп өтті. Мысалы: жекеменшік балабақшалардың мемлекеттік тапсырысы, балабақша кезектері бір жүйеде болудың тиімділігін көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесіне тоқталып өтті. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің жалақысы тағы 25%-ға ұлғаятынын айтып өтті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру үшін Білім министрлігі нормативтік базаны жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгендігін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған барлық шаралар балаларды мектепте оқытуға табысты дайындауға және ата-аналардың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды.