Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған жер-тұнған тарих»

05.12.2018

«Туған жер-тұнған тарих»

 

        29

қараша күні «Ақбота» бөбекжайында «Одуванчик» бөбекжайы мен «Ақбота»

бөбекжайының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

бағдарламасын және қараша айында шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық

мақаласын жүзеге асыру мақсатында Бурабай ауданының мектепке дейінгі мекемелер

арасында «Туған жер-тұнған тарих» театрландырылған қойылымдардың аудандық

байқауы болып өтті. Байқаудың басты талабы театрландырылған қойылымдар арқылы

туған өлкенің тарихы, табиғаты, мәдениеті мен бай мұраларына деген

сүйіспеншілікті қалыптастыру болды. Бұл театрландырылған байқауға   «Мәдениет» орта мектебі

«Айналайын» шағын орталығы,       «Абылайхан» орта мектебі

«Балдырған» шағын орталығы, «Мерей»  балабақшасы,  

№10 мектеп-интернатының  «Шұғыла» шағын орталықтары қатысты.    Бүгінгі байқауды тамашалап,

бағалаған қазылар алқасын  атап өтсек: ауданымыздың құрметті азаматы, 

«Бурабай» газетінің редакторы Рақышев Болат Сабырұлы, Бурабай ауданы

білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері Токпакова Алия

Тулегеновна, Шайменова Гульнар Айтпаевна, «Арман»  МТОТЖО көркем-эстетикалық бөлімінің

меңгерушісі Газезова Назгуль Кайрбековна және «Ромашка»

бөбекжайының әдіскері Конкабаева Салтанат Маликовна.

          Бұл байқауда «Одуванчик», «Ақбота»  бөбекжайының тәрбиеленушілері, ата-аналары

және педагог,тәрбиешілері, әдіскерлері бірге ат салысып, «Ұлы дала өнері»

қолөнер байқауын, «Туған жер-алтын бесігім» атты суреттер байқауын

ұйымдастырды. Байқау нәтижелері  бойынша

көрме ұйымдастырылды.

    «Өткенді танып білмей,

болашақ жоқ» деп айтқандай, Бурабай өлкесі аңызға ғана толы

емес, үш жүздің басын қосқан Абылайхан сияқты тарихи ұлы адамдарымен де

танымал. Бурабай өлкесінің аңыздарын ақын-жазушыларымыз әнге де, жырға да

қосты. Бүгін бізде сол аңыздарды тек естіп қана қоймай, сахна төрінде

тамашаладық.   Байқауымыздың

беташарын «Ақбота» бөбекжайының тәрбиеленушісі Сабыр Көркем «Туған жер» әнімен

ашты.   

    «Туған

жер-тұнған тарих» театрландырылған байқау кешін «Ақбота» бөбекжайының музыка

жетекшісі Исенова Сымбат Төлеуғалиқызы мен дене тәрбие нұсқаушысы Шаймуратов

Еркебулан Канатұлы кештің шырайын келтіріп, екі тілде жүргізді.

Жүргізушілеріміз Қазақстанның жақұты, таңғажайып әндер мен поэтикалық аңыздарға

толы мекен Бурабайдан сыр шертті.

«Мәдениет» орта мектебі

«Айналайын» шағын орталығы  «Үш қыз және

Жеке батыр» аңызын сахналап, көрермендерге көрсете білді.

        «Абылайхан» орта мектебі «Балдырған» шағын

орталығының тәрбиеленушілері мен Лекерова Жайнагуль Маратовнаның жетекшілігімен

«Жұмбақтас» аңызын ұсынды. «Мерей» балабақшасы «Бурабай» аңызын көрермендерге

жеткізе білді. №10 мектеп-интернатының жанындағы «Шұғыла» шағын орталығы

«Оқжетпес» аңызын өте жоғары деңгейде сахналап, көрермендердің қошеметіне

бөленді. Қатысушыларымыз барша көрермендердің назарын өздеріне қаратып, ерекше

әсер қалдырды.  Сахнаға шыққан әрбір

қатысушылар өздерінің актерлік көзқарастарын танытып, көрсеткен өнерлері өз

деңгейлерінде ашылды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың еңбектерін

бағалауда сахна мәдениетіне, қойған аңыздардың тақырыбының ашылуына, сахналық

киімдеріне көп мән берді. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеші педагогтарының

шығармашылық деңгейлерін анықтайтын, өнер жолында өзара күш сынасатын осындай

қызықты сайыстардың өтуі, олардың еңбектеріндегі жаңа белестерді бағындырудағы

үлкен мүмкіндіктердің біріне жол ашты деп ойлаймыз.  Аудандық театрландырылған байқаудың

қорытындысы бойынша І орынды «Шұғыла» шағын орталығы, ІІ орында «Мәдениет» орта

мектебі «Айналайын» шағын орталығы, белсене қатысқан мадақтамалармен

«Абылайхан» орта мектебінің «Балдырған» шағын орталығы және  «Мерей» балабақшасы  марапатталды. Осы байқауды үздік

ұйымдастырған үшін «Ақбота» , «Одуванчик» бөбекжай ұжымы да аудандық білім

бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.  «Одуванчик», «Ақбота» бөбекжайының

тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп, сахна төрін жандандыра түсті. Атап

айтсақ,  «Одуванчик» бөбекжайынан

Романова Арина «Ертегілер» және вокалды квартет «Біз Отанның гүліміз»

әндерімен, «Ақбота» бөбекжайынан «Көбелек» би тобының тәрбиеленушілері

«Қырманға кел», «Күзгі вальс» биін билеп, «Қошақан» тобының

тәрбиеленушілері  ән шырқап, көрермендер

көңілін бір көтеріп тастады. Осындай өнерлі

тәрбиеленушілерді дайындаған «Ақбота», «Одуванчик» бөбекжайының музыка

жетекшілері Жалманбетова Р.Т, Исенова С.Т, Петерсон О.С, хореографтар Камалиева

А.С, Романова Н.А, Бейсенова Ш.М, Ибраева С.М, Кулгажинова Ж.Е тәрбиешілерімізге

алғысымыз шексіз.  «Ұлы дала өнері»

қолөнер көрмесіне, «Туған жер-алтын бесігім» атты суреттер көрмесіне ат

салысқан ата-аналар, педагог, тәрбиешілеріміз алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңы «Одуванчик» бөбекжайының саз жетекшісі Олеся Сергеевна

Петерсонның «Менің Қазақстаным» әнімен және «Жұлдыздар» би тобының биімен

аяқталды. Сайыскерлерде, көрермендер де риза болып тарасты.

 

«Ақбота» бөбекжайының әдіскері

М.Бекенова

Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст