Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Айтжанова Алмагуль Сағындыққызының жетекшілігімен даярлық "Құлыншақ" тобында "Таным" саласының "Математика негіздері" бөлімінен "Артық, кем, тең" тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты "артық", "кем", "тең" ұғымдарын қалыптастыру. Балаларды "<",">","=" белгісімен, оның мәнімен таныстыру. Балалар оқу қызметі барысында әліппе дәптердегі тарсырмаларды түсініп, қызығушылықпен орындап шықты.