ІІ – ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен «Таным» саласы бойынша «Математика негіздері» оқу қызметінде «Ұзын –қысқа. Бір – бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру амалдары» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты ұзын-қысқа ажырата білуге үйрету, осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды және ұқыптылыққа,тазалыққа үйрету болып табылды. Ұйымдастырылған оқу қызметі шаттық шеңбермен басталды.
Балаларға ұзын – қысқа, ауыр – жеңіл, қатты – жұмсақ ұғымдарын түсіндірді. Сурет арқылы балаларға таныстырылды. Балалармен бірге «Кім де не бар?» ойыны ойналды. Ойын шарты бойынша балалардың қолдарындағы суреттерден ортаға шыққан бала кімнің қолында ауыр (жеңіл, қатты, зат бар екенін тауып алу керек. Сонымен бірге бірден беске дейінгі сандарды санап, түсіндіру жұмыстары жасалды.
Сергіту сәтінде «Отбасым» саусақ жаттығуы жасалды.
Саусақтарымызды жаттықтырамыз
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуіміз
Атам, әжем, шешем, әкем және мен.
Алақай! Біз бесеуміз!
Балалар құрастыру құралдары арқылы ұзын – қысқы үйлер тұрғызды. Ұзын – қысқа ұғымдарын қайта – қайта айтып таныстырып берді. Балалар өткізілген оқу қызметіне қызыға, өте ыждағаттылықпен қатысты.