Текст
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ақбота" бөбекжайында музыка жетекшісі Шайкенова Əсемгүл Сергалиевнаның ұйымдастыруымен бөбекжай тəрбиешілерімен педагогтар арасында "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" атты ұлттық ойындар сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мәдени және рухани құндылықтарды, ұлттық ойындарды насихаттау болып табылды. Сайыс бес кезеңнен құрылды.
1.Асық ату.
2.Ханталапай.
3.Түйілген орамал.
4.Теңге ілу.
5.Арқан тарту.
Барлық қатысушылар əр ойынға қызығушылық танытып, белсене қатысты. Сайыс соңында "Қара жорға" биін биледі.