Текст
Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дүйсембай Аружан Бауржанқызы І ересек "Ботақан" тобымен "Санамақ" атты ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметін "жүректен жүрекке" атты шаттық шеңберімен бастады. Балаларға алдымен санамақ тақпағын оқып беріп, кейін балалармен бірге "Менің сүйікті саусақтарым" атты тапсырманы орындады. "Көңілді санамақтар" сергіту сәтін балалармен бірге жасап, көрнекілік арқылы алма ағашымен санамақты санады. Балалардан өткізілген оқу қызметін қорытындылау мақсатында сұрақ-жауап арқылы үйренген саусақ санамақтарын бекітті. Балалар қызығушылықпен әр тапсырманы орындап, белсенділік танытты.