Б.Кудайбергенова
«Ақбота» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі
«Рухани
жаңғыру» аясында мектепке дейінгі мекемеде ұлттық тәрбие беру негіздері
Елбасының халыққа Жолдауында Қазақстан әлемдегі
түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғаны
жайлы айтты. Қазіргі күні еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму
стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз
реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар
атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық делінген. Мемлекетіміздің
жалпыұлттық дамуының нәтижесі - «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.
Рухани жаңғыру тек бүгіннен басталатын
жұмыс емес. Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта біршама ауқымды істер атқарылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени
ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы
арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттар жүйелі түрде
жинап, зерттелді. Елбасы: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан
арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете
отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын»,-
деді.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз
бойымызда мәңгі қалуға тиіс. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, ел
болып, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбиені» бөбекжайлардан бастап қолға
алғанымыз жөн деп ойлаймын. Бүлдіршіндерімізді ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін
патриот, жоғары адамгершілік иесі, рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін
оларға ұлттық тәрбие қажет екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі
қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар
мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиенің міндеті – мәдени-әлеуметтік
өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын
негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен дінін құрметтеуде ұлттық
интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа
өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, ұлттық рухты қалыптастыру.
Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор,
халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар,
шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Мұндағы ұрпақ
тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика,
дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Біздің бөбекжайда
әдістемелік қызметтің міндетіне:
·
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік-тұлғалық дамыту жолында олардың
бойларында ұлттық тәрбие, рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы,
патриоттық сезімдерінің жетілуін қамтамасыз ету кіреді.
Осы міндетті
жүзеге асыруда біз бөбекжайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және
білім» бөліміндегі «Саналы азамат» және «Өлкетану» бағыттары бойынша мынадай тақырыптармен
жұмыс жүргізудеміз:
·
Отбасы әлемі;
·
Алтын қазына;
·
Менің Отаным – Қазақстан;
·
Табиғат бесігі;
·
Тарих мұрасы.
Бөбекжайда
осы тақырыптар бойынша әр айға ертеңгіліктер жоспарланып өтілуде. «Отбасы әлемі»
тақырыбы бойынша «Отбасым - байлығым», «Мен елімнің болашағымын» атты ертеңгіліктер
мен бірқатар тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өтілді. «Алтын қазына» тақырыбы бойынша «Мен елімнің патриотымын»,
«Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбы бойынша «Туған ел – алтын бесік» т.б. сияқты
ертеңгіліктер өткізілді.
«Ақбота»
бөбекжайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау шеңбері аясында «Балғын ұрпақ,
ардақта ана тіліңді!» атты апталық өтті. Тәрбиешілер ұлттық би үзіндісін билеп
шығып, өздері таныстыратын ұлттың тілінде амандасып, өлең шумақтарын оқыды.
Осы күні «Ұлттық нақыштар» тақырыбымен көрме
ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық тағамдар мен ұлттық бұйымдар қойылды. Балалар
елімізде тұратын ұлттардың ұлттық нақыштарымен танысып, жақсы әсер алды.
Тілдер апталығының келесі күнін әр ұлттың
ұлттық дәстүрлері мен ұлттық ойындарына арнап, «Ұлттық дәстүр – мәңгілік байлық»
деген тақырыптағы мерекелік шарада біздің елімізде өмір сүретін көптеген халықтардың
ұлттық дәстүрлері мен ұлттық ойындары ойнатылды. Тіл мерекесінің келесі күні үштілді
оқытуды дамытуға байланысты «Кел, ағылшын тілінде сөйлейік!» деген көптілді
мерекелік сайыс өтті. Сонымен қатар, осы мерекеге арналған апталық аясында
«День рождения» тақырыбында іс-шара өткізілді. «Тіл мерекесі – ел мерекесі»
атты қорытынды кеште бүлдіршіндерді қатыстыра отырып, әр ұлттың әндері шырқалып,
ұлттық билері биленіп, әр ұлттың мәдениетіне деген сүйіспеншілік және құрмет
сезіміне тәрбиелей алдық деген ойдамыз.
Оқу жылы көлемінде ұжым педагогтарымен
де бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Саз жетекшілері «Рухани жаңғыру – болашаққа
бастар жол», «Рухани жаңғыру – ұлттың болашағы» атты іс-шараларды өткізді. Бөбекжай
педагогтары Е.Шаймуратов пен Б.Кудайбергенова «Әйел. Қоғам. Махаббат» тақырыбында
мерекелік іс-шара және ортаңғы топ бүлдіршіндерімен «Ұлттық ойын – ұлттық қазынамыз»
атты танымдық іс-шара ұйымдастырды. бүлдіршіндерге қазақтың ұлттық спорттық
ойындары жайлы кеңінен мағлұмат берілді, асық ойыны және оның түрлері
таныстырылды. «Асық ату» ойынымен бірге бірнеше ұлттық қимылды ойындар
ойнатылды, шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын
арттырды.
Ұлттық тәрбиенің бір негізі ата-аналар
болғандықтан, ата-аналарды бөбекжай өміріне араластыру, отбасылық тәрбиені іске
асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ынтымақтастық қарым- қатынасы
жақсы жолға қойылған. Ата-аналармен «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты тәрбие
сағаты, «Рухани жаңғыру –болашақ кілті» атты мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Атқарылған барлық іс-шаралар бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы жарық көрді.
Аталған
міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Отанымыздың
көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты екенін
баршамыз мойындаймыз және оның жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз. Оны әрбір
қазақстандық түсінуі керек деген Елбасының сөзі біздің жарқын болашағымызға
деген сенімімізді бекітеді. Білім саласындағы өзгерістер біздің қызметімізге де
оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Біз сияқты педагогтар үшін Елбасы
Жолдауы нақты міндеттерді шешуге ұмтылдырады. Біз болашаққа мақсат қойып, жарқын
өмір үшін қазіргі заманға сай жаңа технологияларды өмірдің барлық саласында қолдану қажеттілігін түсінеміз. Осы арқылы өміріміздің
сапасын жақсарта алатынымызға сенімдіміз. Қазіргі жастар өзіне сенімді, ерік-жігері
мықты, салауатты өмір салтын қолдайтын, өз болашағын ел болашағымен
байланыстырып өмір сүретін, алдына қойған мақсаттарына жетуге барлық күш-қайратын
жұмсайтын, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді өз ісіне қолдана алатын, бүгінгі
күнді халықтың тарихымен байланыстыра алатын жеке тұлға болып табылады. Жаңғыру
жолында біздің, яғни, педагог мамандардың
орны ерекше екені сөзсіз. Біз аға буын ұстаздардың
жүріп өткен жолдарынан өзімізге тәжірибе алып, күнделікті қызметімізге бағыт
алып, еліміздің өткен шежіресін бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, әр нәрседен
жаңашылдық танытып, бүгінгі бүлдіршіндерді ертеңгі өмірге жетелейміз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге
асыру бағытында көп істер атқарылып жатыр. Сонымен қатар, биылғы Жолдауда аталған
міндеттерді жүзеге асыру үшін, мен қазақ тілі маманы ретінде алдыма мақсат-міндеттер
қойдым, оларды шешудің тиімді жолдарын табамын, сол арқылы еліміздің жаңғыру
жолындағы өз рөлімді көрсете аламын
дегім келеді. Менің бойымда өзара байланысып, бір арнада тоғысқан өз қызметіме,
ел ертеңіне, кемелді болашаққа деген мықты сенімім бар!