«Егемендігім - елдігімнің белгісі»
Желтоқсан айының 11-ші
жұлдызында «Ақбота» бөбекжайында Тәуелсіздік күніне арналған бөбекжайдың ең кішкентай бүлдіршіндері
арасында «Егемендігім-елдігімнің белгісі» атты ертеңгіліктер өткізілді.
Ертеңгілік арнайы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып құрылған жоспар
бойынша жүргізіліп өтті. Балалар ұлттық киімдерін киіп, жүректері патриоттық сезімге
толы көңілдерімен мемлекеттік Гимнді орындап, Отанға деген сүйіспеншілікпен
«Менің Отаным», «Отан» әндерін орындап шықты. Сонымен қатар, кішкентай
бөбектерді мерекемен құттықтауға ортаңғы «Көбелек» тобының тәрбиеленушілері
«Туған ел» әнімен құттықтады. Балалар қызығушылық танытып, ертеңгілікке белсене
қатысып отырды. Ертеңгілік ары қарай балалардың орындауымен «Жалауша» биімен
жалғасын тапты. Сондай-ақ, балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстырып өтті.
Мереке соңында балалар естелік фото суретке түсті.