МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Темешева Гульнур Асылханқызының жетекшілігімен ересек "Балдырған" тобының тәрбиеленушілерімен, "Таным" білім саласының "Математика негіздері" оқу қызметінде "Үлгі бойынша санау. 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. «Кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдары. Шар, текше." тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды , цифрды заттың санымен сәйкестендіруді,
«алдымен», «кейін» ұғымдарын айыра білуге, оларды дұрыс қолдануды үйрені және "Шеңбер", "Сопақша", "Тіктүртбұрыш", "Шаршы" сынды геометриялық фигуралар туралы өткенді қайталау болып табылды. Балалар ұйымдастырылған оқу қызметінде 4 к модулі бойынша жұмыс істеді. Тақырыпқа сәйкес ойындар ойнатылды. Балаларға оқу қызметі ұнады.