Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көбелек» ортаңғы тобында «Жас өрт сөндірушілер» атты тақырыптық-тәрбиелік іс-шара

09.02.2022

МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Көбелек» ортаңғы тобында «Жас өрт сөндірушілер» атты тақырыптық-тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты оттың тілсіз жау екенін ұқтыру, өрттен, оттан сақтану жолдарын арқылы өрт өшіретін құралды пайдалануды және адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін үйрету болып табылды.
Іс-шара
Бықсып жанған от енді
Алып - ұшып жөнелді
Өшірем деп ұмтылған
Балаларға көнбеді,-деген шаттық шеңбермен басталды. От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата -бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.Отты жер - қуатты жер. Мал біткенге күш - қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп атаған. Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды. Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз. Өрт сөндіру құралдарымен таныстыра отырып, балалар қолдарына ұстап өртті сөндіруді көрсетті. Өрт сөндіру құралдары құм, су шашу құралы, өрт сөндіру машинасы, күрек, басына киетін каскалармен таныстырылды. Өрт қауіпсіздігі туралы слайдтар көрсетіліп таныстыру жұмыстары жасалды. Балалар тәрбиелік сағатының өздеріне қатты ұнағандарын айтты. 

Просмотров: 123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст