Текст
І даярлық «Құлыншақ» тобында «Сауат ашу негіздері» бөлімінен «Ы» дыбысы мен əрпі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Оқу қызметі барысында балалар сұрақтарға жауап беріп, өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысты. Сөз/сөйлем сызбасын құру жəне оқуға тырысты. Берілген суреттерден ақпаратты табуға үйренді. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстауға жаттықты. Сөзді буынға бөліп, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау қабілеттері артты. «Ы» əрпінің баспа түрін жазып, қолдарын жаттықтырды.