Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының ұйымдастыруымен музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовнаның ұйымдастыруымен "Өрттен сақ болайық" апталығында "Ботақан", "Балдырған", "Еркетай" ересек топтарымен "Отпен, ойнама" атты мерекелік музыкалық іс шара өткізілді. Іс- шараның басты мақсаты оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу болды. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу болып табылды. Музыкалық мерекеде балаларға алдымен шырпымен ойнаса, үтікті қосып кеткен жағдайда, газды ашық қалдырып кеткенде, от шашуларды дұрыс пайдаланбағанда, аулада, орман ішінде от жағудың өртке әкелуі жайлы, өрттің шығу себептері түсіндірілді. Кейін балаларға қонаққа "Жалындаған от" кейіпкері келіп, балаларға " От пен су" ойыны ойнатылды. Мереке әрі қарай түрлі кедергілерден өтіп "Құтқарушылар" ойынымен жалғасын тапты. Сондай-ақ балалар кішкентай май шамдарды пайдалана отырып, ыдысқа құйылған су, құм арқылы отты сөндіруге болатындығына іс-тәжірибе жасап көрді. Әрі қарай топ болып "Көңілді айналмақ" ойынын ойнады. Балалар мерекелік іс-шарадан отпен жұмыс істегенде абай болу керектігін, қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерге өртеуге болмайтынын өрт болған жағдайда телефон арқылы 101 нөміріне қоңырау шалу сынды қарапайым ережелерді білді. Жалпы қорыта келгенде, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Мерекелік іс-шара көңілді өтті.